Мейірбикелерді марапаттау

Бүгін ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-ға Павлодар облысының Медициналық қауымдастығы “Саламатты Павлодар” ҚБ-ның басшысы Ситказинова Гульнара Кинжитаевна келіп кетті.
Қауымдастықтың басшысы «Медицина үздігі-2024» облыстық конкурсқа қатысқаны үшін №1 ОДО мейірбикесі Саягуль Шайахметовна Кулбулдиноваға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.К.Бұйрашевтің дипломын табыстады. Сонымен қатар ол бірлестіктің мүшелерін Мейірбикелер күнімен құттықтап, ақшалай сертификаттарды сыйлады.
Гульнара Кинжитаевна кәсіпорын басшысы Арман Төлеусағиұлы Отарбековқа емхананың белсенділігі үшін алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.


You may also like...