Отбасы күні мерекесі

Бүгін Отбасы күні мерекесіне орай ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емханасында» Ашық есіктер күні ұйымдастырылды. Сау бала бөлмесінде балалар үшін педиатр, хирург, офтальмолог және психолог мамандарының қабылдауы ұйымдастырылды.
Осылайша балақайлар алдын ала жазылусыз әрі кезексіз денсаулықтарын тексеріп алды. Аналар дәрігерлермен кеңесіп, оларды алаңдатқан сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар дәрігерлер балалардың жарақаттануын алдын алу туралы әңгіме қозғады. Емхана мамандары аналарға жарақат түрлері, оны алдын- алу және баланың жарақаттану кезіндегі іс қимыл алгоритмі жайында егжейлі-тегжейлі айттып берді.


You may also like...