«Денсаулық фестивалі – 2017»

«Денсаулық фестивалі – 2017»

Денсаулық сақтау саласының «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасына қатысты өткізілетін іс-шаралар жоспарын әсерлі жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 09 қыркүйегінде республика аймағында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай «Біздің денсаулық – біздің қолда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017» ұйымдастырылды.

Бұл күні емхана қабырғасында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы ақпараттық таныстырылымдар жасалып, кейіннен тұрғындар  қан қысымы, бой, салмақ,  қандағы холестерин мен қант деңгейі сияқты денсаулықтың негізі болып саналатын тексерістерден өтті. Емханада ұйымдастырылған акция облыс шеңберінде атап өтілген мерекелік шараға ұласты. Бұл шараға біздің емхана қызметкерлері де белсене қатысып, мереке көркін қыздырды.

P1130162

P1130249

P1130148


You may also like...