Қарттар мерекесі

Қарттар мерекесі

Қыркүйек айының 29-жұлдызында Қарттар күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының №3 емханасында салтанатты жиын өткізілді. Бұл мерекелік кездесуге емхана ардагерлері, зейнеткерлер мен қызметкерлер шақырылды. Емханамыздың бас дәрігері К.С.Кабулов концерттік бағдарлама шымылдығын өз құттықтауымен ашып, қарттарға зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

Облыстық филармония өнерпаздары мереке көркін қыздырып, қарттарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Керемет әндер айтылып, сол әндер ырғағына тамаша билер билеген ардагерлер қауымы емхана басшылығы тарапынан ұсынылған сыйлыққа, ұйымдастырылған концертке жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.

P1130325

P1130385

P1130343

P1130330

P1130386


You may also like...