Антибиотиктерді абайлап қолданыңыз.

Антибиотиктерді абайлап қолданыңыз.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 2015 жылғы 68 сессиясында микробқа қарсы дәрілік заттардың табандылығымен күрес әрекетінің жоспары қабылданған болатын. Сол жоспарға сәйкес жыл сайын антибиотиктерді дұрыс қолданудың бүкіләлемдік апталығы өткізіліп келеді. 2017 жылы бұл апталық қарашының 13-і мен 19-ы аралығына сәйкес келді. Осы аралықта Павлодар қаласының №3 емхана қызметкерлері антибиотиктерді дұрыс қолдануға қатысты бірқатар іс-шара өткізді. Емделушілер арасында антибиотиктерге табандылыққа қатысты сауалнамалар жүргізілді, антибиотиктерді дұрыс қолдану жөнінен ақпарат беріліп, осы тақырыптағы видеороликтер мен таныстырылымдар назарға ұсынылды. Көрсетілім соңынан мәселе жан-жақты талқыланып, емделушілер танымдық ақпаратпен толысып қайтты.

IMG-20171115-WA0002

IMG-20171114-WA0030

IMG-20171114-WA0029

IMG-20171114-WA0026


You may also like...