Бүкіләлемдік қант диабетіне қарсы күрес күні
Бүкіләлемдік қант диабетіне қарсы күрес күні
Бүкіләлемдік қант диабетіне қарсы күрес күні аясында ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК қызметкерлері емхана мен қызмет етілетін аумақтағы сауда үйлерінде бірқатар шаралар ұйымдастырды. Емхана қабырғасында қант диабеті жөнінен мағлұмат беретін Ашық есік күндері өткізіліп, келушілердің артериалдық қан қысымы мен көз іші қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант мөлшерінің жедел диагностикасы жасалды. «Даниял» және «Алма» сауда үйлерінде алдын алу жұмыстары жүргізіліп, тұрғылықты халық қандағы қант құрамын анықтауға қатысты скринингтік тексеруден өтуге шақыртылды.