Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде мемлекеттіліктің негізін білдіретін ең басты мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі. Бүгін республиканың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады. Біздің еліміздің Тәуелсіздігі – бұл үш жүз жылдан астам үзілген ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті жетістігі. 2018 жылғы 14 желтоқсанда  ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы»  КМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Концертті облыстық Иса Байзақов атындағы филармония ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты бөлімінде Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі және ҚР Тәуелсіздік күніне орай мінсіз адал еңбегі үшін медицина қызметкерлері марапатталды. Атап өткіміз келеді:

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен Бақытова Ақмарал Ермековқа азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне қосқан үлесі, мінсіз адал еңбегі, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысы және ҚР Тәуелсіздік күніне орай марапатталды.

ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК әкімшілігінің Құрмет грамотасымен Ыбраева Рысалды Байнатовнаны азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ҚР Тәуелсіздік Күні құрметіне марапаттады.

Нұрғалиева Рысжан Шапкеновна тәуелсіз Қазақстанның даму жолында қол жеткізген жетістіктері, Денсаулық сақтау саласына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.

Кез келген жаста 16 желтоқсан — тек кезекті демалыс емес екенін есте сақтау маңызды. Бұл күн – Қазақстанның қандай жолмен өткенін, қандай қиындықтарды жеңіп, қандай шыңдарға жеткенін еске алу мүмкіндігі. Ең бастысы – еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін білу, өйткені біз – оның халқымыз.

P1160194

P1160317

P1160231

P1160267

P1160282 P1160295


You may also like...