Павлодар облысында ірі кәсіпорындардың қызметкерлері арасында скринингтік зерттеулерді жандандыру үшін меморандумға қол қойылды

Павлодар облысы кәсіпорындарының қызметкерлерін скринингке және тексерелетіндерге әлеуметтік демалыс беруді қарастыратын келісімге денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ «Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қол қойды. 16 ақпан күні ведомство басшылары – Айдар Ситказинов, Айбек Тұрсынғалиев және Динара Айтжанова меморандумға қол қойды. Тараптар Павлодар облысының емханалары мен ірі жұмыс берушілері кәсіпорын қызметкерлерінің скринингтік зерттеулерден өтуі туралы тиісті келісімдерге қол қояды деп келісті. Сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, колоректальды қатерлі ісікті, қант диабетін, глаукоманы және артериялық гипертензияны анықтау үшін тексеріледі. Скринингтен өту кезінде еңбек ақы сақтала отырып, жылына кем дегенде үш жұмыс күні әлеуметтік демалыс берілетін болады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер емханаларға тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімін ұсынатын болады. Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды алдын-алудың басым бағыттары бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу, халықтың денсаулығын сақтау, ақпарат алмасу, ақпараттық-үгіту жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу – ынтымақтастықтың негізгі міндеті болып табылады.


You may also like...