“Флюорографиядан өтіп, еркін дем ал”

“Флюорографиядан өтіп, еркін дем ал” – атты ұранмен, фтизиатр дәрігердің қатысуымен, әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі ашық есік күнін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар облысында туберкулездің алдын алу айлығы басталып кетті. Іс – шараға қатысқан барлық пациенттерге медицина қызметкерлері қан қысымын, бойларын және салмақтарын өлшеп, туберкулездің, жіті инсульттің, жіті инфаркт пен қант диабетін алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын ұсынды. Сондай –ақ ашық есіктер күніне қатысқан адамдарды туберкулезді алдын алу бойынша ұсынымдармен таныстырып, жылына бір рет флюорографиядан өтудің маңыздылығы жайында айтып берді. Қосымша ақпарат қажет еткен адамдарды емхана фтизатры қабылдап, кеңес берді. Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты

 


You may also like...