Электрондық денсаулық сақтау-біздің денсаулығымызға қамқорлық

“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында қала емханаларында кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ)- “Damumed” іске қосылды. Бағдарлама ҚР ДСМ БХТ (бекітілген халық тіркелімі), ДНЭТ (диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі), СНЭТ (стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі), ГБ (госпитализациялау бюросы), РБЖ (ресурстарды басқару жүйесі), АЕК төлем жүйесі сияқты және т. б. электрондық порталдармен ықпалдастырылды. Яғни медицина қызметкерлеріне, пациенттің денсаулық паспортында сақталатын, барлық медициналық мәліметтер, соның ішінде дәрігерлердің жазбаларына, зертханалық, диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне, медициналық тексеру, иммунопрофилактика, ауруханаға жатқызу туралы ақпарат қолжетімді болады. Дамумед мобильді қосымшасын жүктеу арқылы, осы деректерді пациенттің өзі де ала алады.
– “Көптеген тіркелген пациенттер жаңалықтарға бейімделіп, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру сияқты қызметтерді өз бетінше пайдаланады. Олар емхана қызметіне жүгінбей, дәрігер қабылдауына, өздігінен, онлайн жазылады”, – дейді бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А.Е. Бахытова. Кәсіпорын қағазсыз айналымды енгізу арқылы өңірлік денсаулық паспорттарын толтырудың 100% – ын (54612) және мобильді қосымша (МҚ) және науқастың жеке кабинеті (НЖК) көмегімен дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылудың 85,3% – ын көрсетті. Сондай-ақ, емханада диагностикалық зерттеулер нәтижелерін (рентген, флюорография, маммография), цифрландыру (PACS-жүйесі) іске қосылды. Ақпараттық сауаттылықтың 10 посты, электрондық кезек пен өз-өзін дәрігерге жазғызу үшін 2 терминал құрылды. Мобильді қосымшаны қолданатын 15 984 пайдаланушы тіркелген, бұл интернетті белсенді қоладанатын 30 563 халықтың 52,7% – ын құрайды. “DamuMed” кешенді медициналық ақпараттық жүйесі медициналық және экономикалық жағынан тиімді болып табылады. Медициналық тиімділігі кезектің төмендеуі, жазылу үшін уақытын қысқартуы (мобильді қосымша, терминал), пациентке қызмет көрсету сапасын жақсаруы (пациентті текеру үшін көбірек уақыттың болуы), жұмыс процесін оңтайландыру (ақпаратты іздеу және жинау, есеп жасау үшін уақытты қысқартуы), медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін және емдеу-диагностикалық үдерістің сапасын арттырудан, тиімді менеджменттен (бақылау, Кері байланыс) тұрады. “Damumed” – кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) электрондық денсаулық паспортына көшу үшін 100% қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл цифрлық құжат айналымына негізгі қадам болып табылады.


You may also like...