АИТВ, ЖИТС бойынша не білу және есте сақтау маңызды?!
ШЖҚ «Павлодар қ. № 3 емханасы» КМК-да 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында АИТВ ЖИТС декадасының шеңберінде дөңгелек үстелдер өткізу, ата-аналармен жиналыс, білім беру ұйымдарында лекциялар өткізу сияқты және т. б. ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланды.
07.11.18 жылы «Павлодар музыкалық колледжінде» «Сенің қауіпсіздігің саған байланысты», «Біз АИТВ-инфекциясы туралы не білеміз?» тақырыбына семинар өткізілді, 32 адам қамтылды.
09.11.18 жылы «Павлодар ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде» «Өз статусыңды біл. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбын бекіту үшін карточкалармен ойын өткізілді, онда студенттер АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі аймағын анықтады, және студенттер емханасының психологы А. К. Омаровамен «Үй бұл сенің жаның» релаксация тақырыбында 75 адамды қамтыған тренинг өткізілді.