Алдағы аккредиттеуге дайындық
Алдағы аккредиттеуге дайындық мақсатында Павлодар қаласының 3 емханасына аккредиттеу алдындағы комиссия шақырылды. Комиссия сарапшысы емхананың құжаттарымен және жұмысымен танысып, қызметкерлер арасында сауалнама жүргізді, сондай-ақ консультативтік көмек көрсетті. Сарапшы өз жұмысының нәтижесінде аккредиттеуге дайындыққа алдын ала баға берді.