Тұмауға қарсы иммундау.

Күз келді, сондықтан жақын арада бізді кезекті тұмау мен суық тиюдің эпидемиологиялық маусымы күтіп тұр. Жыл сайын тұмаумен Қазақстанда жүздеген мың адам және әлемде миллиондаған адам ауырады. Тұмау індеті жыл сайын орын алады және маусымдық сипатқа ие. Өзіңімізді барлық вирустардан қорғау үшін, олар туралы көбірек білу керек.
Өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша тұмау адамның жұқпалы аурулары арасында бірінші орында тұр. Эпидемия кезінде ауру бүкіл халықтың 10-20% – ын және егде адамдардың 40-60% – ын зақымдауы мүмкін. Жыл сайын әлемде тұмаумен ауыр түрдегі жағдайлар саны миллиондармен есептеледі, ал өлім-жітім саны 200-500 мыңға жетеді. Тұмау кезінде пневмония, бронхиттер, жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталама бактериялық инфекциялары (отиттер, синуситтер) сияқты ауыр клиникалық асқынулар дамиды. Жүйке және жүрек-қантамыр жүйелері тарапынан асқынулар немесе созылмалы аурулардың асқынуы (қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі және т.б.) егде және әлсіз адамдардың арасында жиі кездеседі және олар үшін елеулі қауіп төндіреді. Қазіргі уақытта тұмау жұқпалы аурулардан қайтыс болу себептерінің арасында екінші орында тұр (пневмококкты инфекциядан кейін). Тұмауға қарсы егу ұлттық егу күнтізбесіне кіреді. Тұмау вакцинациясы ерікті шешім болып табылады, пациенттің оң шешімі болған жағдайда келісімге қол қойылады. Тұмауға қарсы егудің құрамы жыл сайын жаңа үлгілерге байланысты өзгертіледі. Инъекциядан кейін иммунитет екі аптадан кейін қалыптасады және бір жылға дейін сақталады. Вакцина жақын күндері келіп түседі, бұл туралы тұрғындар қосымша хабарланатын болады.

WhatsApp Image 2019-09-30 at 15.53.46


You may also like...