Алдын алу екпелерінің пайдасы

Алдын алу екпелерінің пайдасы

Иммундау миллиондаған өмірлерді сақтап қалатын денсаулық сақтау саласындағы ең әсерлі және тиімді шаралардың бірі ретінде көп уақыттан бері көпшілікпен мақұлданып келе жатқандығы белгілі. Бүгінгі таңда екпе қабылдамаған немесе толықтай қабылдамаған балалар саны 19,4 миллионға жетіп отыр. Сонымен қатар, иммундау денсаулық сақтау саласындағы басқа да маңызды деп саналатын мақсаттарға жетудің негізгі стратегиясы болып табылады. Демек вирусты гепатитты болдырмауға, микробқа қарсы дәрілік заттарға төзімділікті сақтауға, жасөспірімдер денсаулығын сақтаудың негізін қалап, бала тууға дейінгі және нәрестеге көрсетілетін көмек сапасын арттыруға жәрдемдесетін бірден бір шара иммундау екені даусыз. Тіпті адам өміріне қауіп төндіретін инфекциялық аурулармен күресіп, оларды жеңудегі сыннан өткен құрал ретінде танылды. БДҰ-ның мәлімдеуі бойынша, иммундау 2-ден 3 миллионға дейінгі өлім жағдайларының алдын алады. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау саласының, алдын алу жұмыстарының басты қаруы иммундау деп толықтай айта аламыз.

календарь проф прививок


You may also like...