«Денсаулық құқығы» ұранындағы ЖИТС-ке қарсы Бүкіләлемдік күрес күніне арналған кампания
«Денсаулық құқығы» ұранындағы ЖИТС-ке қарсы Бүкіләлемдік күрес күніне арналған кампания
«Денсаулық құқығы» ұранындағы ЖИТС-ке қарсы Бүкіләлемдік күрес күніне арналған Кампанияны жүзеге асыру және АИТВ-инфекцияларының кең етек алуымен туындаған ЖИТС эпидемиясы туралы хабардар ету мақсатында ШЖҚ «Павлодар қ.№3 емханасы» КМК-ның алдын алу бөлімшесінің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді:
- АИТВ-инфекцияларының алдын алу, жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтау маңыздылығы жөнінен түсіндіру жұмыстарын қамтыған Ашық есік күндері;
- Жалпы орта білім беретін №18 мектептің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «АИТВ/ЖИТС алдын алу», «Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу» тақырыптарындағы дәрістер таныстырылымы жасалды;
- емхана қызмет ететін аумақта орналасқан «Алма», «Алтын» сауда үйлерінде АИТВ/ЖИТС инфекциялары мен нашақорлық пен шылым шегуге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- «Обозрение недели» газетінде «Добровольное анонимное и обязательное конфиденциальное медицинское обследование на наличие ВИЧ-инфекции» тақырыбындағы мақала жарық көрді.