Артериалды гипертония және инсульт мектебі

Артериалды гипертония және инсульт мектебі

Тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша емханамызда артериалдық гипертония және инсульт сабақтары өткізіледі.

Артериалдық гипертония – кең таралған және ауыр асқынуларға алып келетін бірден бір қауіпті ауру: инсульт, миокард инфарктысі, жүрек жетіспеушілігі, бүйрек қызметінің бұзылуы, сонымен қатар атеросклероз және ишемиялық жүрек ауруларының дамуын тездетеді.

Аталмыш сабақта артериалдық гипертензия мен инсультты емдеу және алдын алу мәселелері ашып көрсетіледі. Дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттер және тағы басқаларға айрықша көңіл аударылады. Білім беретін ақпараттық материалдар таратылады.

Сабақтарды білікті невропатолог маманы Раушан Серикказыевна Омаралинова жүргізеді.

P1100938

P1100940


You may also like...