Қ.Р. Президентінің Жолдауын талдау және насихаттауға арналған жиналыс туралы

Қ.Р. Президентінің Жолдауын талдау және насихаттауға арналған жиналыс туралы

Қ.Р. Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талдау және насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Павлодар облысына іссапары барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.А. Қаракеннің және облыстық Маслихат депутаты А.К. Оспанованың қатысумен емханамыздың мәжіліс залында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Парламенту Мәжілісінің депутаты Құралай Әнуарқызы Қаракен аталмыш Жолдауды егжей-тегжей талдап, назар аударарлық басты бөлімдерін айқындай түсті. Сөз барысында, Елбасы өз Жолдауында экономикалық дамудың жаңа моделін жасау қажеттігін көрсететінін және оны «Үшінші жаңғыру» деп атап өткендігін айта кетті. Сондай-ақ, депутат Президент Жолдауының еліміздің дамуына жасаған үлкен қадамы деп көрсетті: «Бұл Жолдау бойынша Қазақстан мемлекеті бәсекелестікке қабілетті деңгейге кіріп, соның аясында барлық ішкі құрылымдарын дамытып, 30 бәсекелес елдің қатарына енуге ұмтылады» – деді.

Жиналыс барысында емханамыздың қызметкерлері көкейтесті сауалдарын қойып, депутаттар тарапынан жауап алды. Қызметкерлер денсаулық саласы, оның ішінде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сынды тақырыптарға баса назар аударды. Сондай-ақ, жиналыс барысында жаңа өкілетті органдарға қатысты сауалдар да қойылды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.А. Қаракен, кез келген азамат не азаматша өз сауалын, мәселесі мен ұсынысын немесе шағымын депутаттарға тікелей жібере алатындығын және олардың қараусыз қалмайтындығын айта кетті.

Емханамыздың бас дәрігері Қаиырлы Сартайұлы Қабұлов: «Еліміздің жаңданып, дамуына, осы Елбасы Жолдауының тиісті дәрежеде орындалып, мақсатына жетуіне бірге ат салысайық!» – деп, сөз соңында депутаттарға ризашылығын, жылы лебізін білдірді.

P1100874

P1100881

P1100883

P1100899


You may also like...