Студенттердің психоактивті заттарға тәуелділігін алдын алу
Студенттердің психоактивті заттарға тәуелділігін алдын алу
Психоактивті заттар — психикалық жағдайды өзгеріске әкелетін, ОЖЖ-нің қызметіне әсер ететін, жасанды және табиғи кез келген зат. Бір рет қолданғаннан кейін эйфория немесе басқа психотропты эффективті (галлюцинация, қозу) және жүйелі түрде қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділікті шақыратын химиялық зат.
- Психотроптар:жоғары психикалық функцияларға әсер ететін психоактивті зат , жиі медицинада психикалық ауруларды емдеуге қолданады.
- Наркотиктер (есірткілер):заң бойынша рұқсат етілмеген немесе тәуелділікті шақыратын психоактивті затттар.
Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психотропты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кеңауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Студенттердің психоактивті заттардың зияны туралы білімдерін арттыру мақсатында білім ордаларында жүргізілетін түсіндіру-алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бұл іс-шараларды ұйымдастыруға емхана психологтары белсенді түрде ат салысуда. 2017 жылдың өткен кезеңінде музыкалық және Казпотребсоюздың экономикалық колледжінде студенттермен аталмыш тақырып бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.