БЕДЕУЛІК — ТЕК ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПРОБЛЕМАСЫ МА?
👩❤️👨Жоқ, жұптардағы бедеуліктің себебі әйелдер мен ер адамның тарапынан шығуы мүмкін. Көптеген жұптар бала көтере алмаушылықтан зардап шегеді, бірақ көбісі кінәні әйелдердің мойнына жүктейді. Алайда, бала көтере алмайтын жұптар арасында шамамен 35% жағдайларда әйел адамнан болатын бедеулік ер адамнан болатын бедеулікпен қосарланады. Ал 8% жағдайларда бедеулік тек ер адамдар тарапынан анықталады. Зерттеулерге сәйкес, әйелдердің 15 пен 44 жас аралығындағы бедеуліктің таралуы бүкіл әлемде орта есеппен 6-тан 15% — ға дейін, ал ер адамдар арасында 7-10% құрайды.
❓ДӘРІГЕРГЕ ЖҮГІНУГЕ ДЕЙІН ҚАНША УАҚЫТ ӨТУ ҚАЖЕТ?
35 жасқа дейінгі әйелдерге — 12 ай бойы, ал 35 жастан асқан әйелдерге — 6 ай бойы жалғасқан бала көтеруге табыссыз талпыныстардан кейін.
👰🏻♀️🤵🏻♂️Төменде көрсетілген симптомдары бар жұптарға жүктілікті жоспарлау кезеңінде дәрігерге қаралу ұсынылады:
-Ретсіз етеккір
-Өте қатты ауыру сезімімен жүретін етеккір
-Эндометриоз
-Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары
-Бұрындар бірнеше рет түсіктің болуы
-Ер адамдар тарапынан ықтимал проблемалар (жарақат, ота жасау, химиотерапия, оған дейінгі қатынастардағы бедеулік).
❓ЖҰПТАРДЫҢ БЕДЕУЛІККЕ БЕЙІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
Бірінші кезекте дәрігер жалпы және репродуктивті денсаулық жағдайы туралы ақпаратты жинау үшін егжей-тегжейлі сұрастыру өткізеді . Тексеру шаралар спермограмманы, жатыр түтіктерінің өтімділігін және овариалды резервты (аналық жасушалар қорын) бағалау процедуралардан басталады.
❓БЕДЕУЛІК ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕДІ?
Бедеулікті емдеу үшін дәрілік препараттар, хирургиялық араласу, ЭКҰ (экстракорпоративтік ұрықтандыру) немесе қосалқы репродуктивті технологиялар пайдаланылуы мүмкін. Кейде бұл әдістер бірдей бір мезгілде пайдаланылуы мүмін. Келесі факторлар маңызды рөл атқарады:
-Бедеуліктің анықталған себебі
-Бедеуліктің ұзақтығы
-Әйелдің жасы
— Емдеу әдісіне қатысты жұптардың таңдауы (қауіп-қатер деңгейі, нәтижеге жету мүмкіндіктері, әрбір әдістің құны мен артықшылығы жан-жақты қарастырылғаннан кейін).