Біздің емханадағы жаңа технологиялар мен жаңашылдықтар

“Сандық Қазақстан” бағдарламасы аясында емханамыздың дәрігерлері мен учаскелік мейірбикелері қалада алғашқылардың бірі блып планшеттермен жұмыс істей бастады. Өркениет аясында бұл жаңалық әрбір учаске бойынша қолданылды. Сондай-ақ, екі корпуста LED-экрандар орнатылған, онда барлық медициналық қосымшалар, дәрігерлердің жұмыс кестесі, нормативтік-құқықтық актілер, ТМККК шеңберінде дәрілік препараттар тізімі, бағалар прейскуранты және денсаулық мектептері туралы ақпарат орналастырылған. Биылғы жылы жұмысқа арналып 90 планшет сатып алынды. Мысалы, егер дәрігерді үйге шақырса, дәрігер планшеттің көмегімен осы пациент туралы барлық ақпаратты оның электрондық паспортына кіріп, барлық медициналық тексерулер, бұрын анықталған диагноздар мен талдаулардың толық көрсетілімін көре алады. Барлық технологиялар бірінші кезекте халықпен жұмыс істеу кезінде, уақытты үнемдеу және медицина қызметкерлерінің жедел ден қоюы үшін ыңғайлы.

P1160663

P1160655

P1160652


You may also like...