Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының келуі
2018 жылғы ақпанның 08-і күні ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Магеррамов Магеррам Мамедович, Микаелян Наринэ Гамлетовна келіп басшылықпен кездесті.

- Сапардың мақсаты Павлодар облысындағы емхана қызметтерінің жұмысы болып табылады. Емхананың бас дәрігері Каирлы Сартайұлы Қабулов депутаттарды емхана жұмысының ішкі құрылымымен, сондай-ақ «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілген жаңалықтармен таныстырды.

2Кездесу барысында қайта ұйымдастырылған ақпараттық-анықтамалық қызметтің жұмысы көрсетілді.


- Келесі ақпарат орналастырылған LED-экран көрсетілді: дәрігерлердің жұмыс кестесі, нормативтік-құқықтық база, ТМККК бойынша дәрілік заттар тізімі.


4 Ақпараттық-анықтамалық қызмет әкімшісі электрондық кезек, сондай-ақ өздігінен жазу терминалы арқылы қабылдауға жазылу қалай жүзеге асырылатынын көрсетті.

5 Одан әрі маршрут бойынша қонақтар БДК ( баланы дамыту кабинеті) барды, онда БЖАБЖ бойынша үйлестіруші А. К. Қазыбаева жаңа ресурстық орталықтың жұмысы туралы айтып берді.

- Сандық жүйеге енгізу аясында учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер 100% планшеттермен қамтамасыз етілген, бұл емханадан тыс деректерді енгізу бойынша жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік берді.

- Кездесу соңында қонақтар емхананың жұмысына оң баға берді.

