Сауда үйлеріндегі алдын алу жұмысы
Сауда үйлеріндегі алдын алу жұмысы
Салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау мен қызмет көрсетілетін аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында осы аумақтағы сауда орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен аптада ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК қызметкерлері «Даниял» сауда орталығына барып қайтты. Халыққа кез келген аурудың алдын алу жолдары, скринингтік тексеруден өту қажеттілігі мен салауатты өмір салтын ұстанудың мәні жөнінде ақпараттық мағлұмат беріліп, әңгіме жүргізілді.