Вирустық гепатиттер


Вирустық гепатит — A, B, C, D және E – 5 вирустың біреуінен пайда болатын бауырдың қабынуы:
Бұл вирустардың бәрі шаршау, тәбеттің жоғалуы, жоғары температура мен дененің сарғаюы тән болатын жіті гепатит тудырады.
Әр адамның вирустық гепатит туралы не білуі қажет?
АВГ және ЕВГ – ішек инфекциялары тобына жататын энтеральды вирустық гепатиттер.
ВВГ, СВГ, ДВГ – қан инфекциялары тобына жататын парентералды вирустық гепатиттер.
Вирустық гепатит А (АВГ)
АВГ вирусы – қоршаған ортаға негізінен нәжіспен түседі, жұқтырудың басты жұғу жолы – фекальдік-оральдік. Сондықтан АВГ “лас қол ауруы” деп атайды. Гепатит асқыну беруі мүмкін (өт қабының және өт жолдарының аурулары).
Алдын-алу:
Дәретханадан кейін, тамақ алдында, жұмыстан кейін, көшеден кейін қолды сабынды сумен мұқият жуыңыз.
Көкөністер мен жемістерді, тіпті бақшаңыздан болса да мұқият жуыңыз.
Табиғатта немесе саяжайда болғанда, қайнатылмаған суды ішпеңіз.
Балаларды ерте жастан бастап жеке гигиена ережелерін сақтауға үйретіңіз.
Е вирусты гепатиті жалпы сипатта А гепатитімен ұқсас.

В және С вирустық гепатиттері (ВВГ, СВГ)
Парентеральды В және С гепатиттерінің созылмалы қабыну процесінің дамуы – бауыр циррозына және бауыр обырына әкелуі мүмкін Қауіпті жас тобы-18-39 жас.
В гепатиті қауіпсіз емес қан және ағзаның сперма, қынап секреті, сілекей, емшек сүті және науқастың немесе вирусты тасымалдаушының басқа да биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі.
С гепатиті — негізінен жұқтырылған қан арқылы беріледі.
Ауру пирсинг, татуаж, маникюр, педикюр, нашар өңделген құралдармен құлақтың тесілуі кезінде орын алуы мүмкін.
ПВГ ауру жиі симптомсыз өтеді. Ауруды қанды В гепатиті вирусының антигендері және С вирусы гепатитінің антиденелеріне арнайы зертханалық зерттеу кезінде кездейсоқ анықтауға болады.
Парентеральды гепатиттерді алдын алу:
• Ретсіз жыныстық қатынасқа түспеу және мүшеқапты пайдалану.
• Есірткіні пайдаланбау, әсіресе инъекциялық.
• Күмәнді орындарда пирсинг пен татуировка жасамау.
• Әрқашан жеке гигиена ережелерін сақтауды ұмытпау.
• В гепатитін вакцинациялау арқылы болдырмауға болады.
В гепатитіне қарсы иммундау Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне енгізілген және балаларға өмірдің бірінші жылында жүргізіледі (өмірдің 1-4 күні, 2 ай және 4 ай ревакцинациялаумен вакцинациялау).
С вирустық гепатитінің алдын алу үшін вакцина жоқ.
D гепатиті – В гепатиті болған жағдайда қосымша инфекция ретінде жүреді.

Аурудың емделуі қиын, ұзақ әрі қымбат болатын сатыға дейін созбаңыз. Диагностика мен емдеудің заманауи деңгейі вирустық гепатиттерді анықтап, тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

https://kncdiz.kz/ru/aids/virusnie_gepatiti/


You may also like...