Деменция

— жадыға, ойлау қабілетіне және күнделікті тіршілік ету қабілетіне негативті әсер ететін бірнеше ауруды сипаттатын термин.
Бүгінгі күні әлемде бұл аурумен ауыратын 55 млн-нан астам адам бар. Жыл сайын деменцияның 10 млн-ға жуық жаңа жағдайлары тіркеледі. Деменция миға тиетін түрлі патологиялар мен жарақаттардың нәтижесінде пайда болады. Деменцияның ең көп тараған түрі 60–70% жағдайда кездесетін Альцгеймер ауруы болып саналады.

Деменцияның даму қауіпін артыратын факторлар:
✔️Жас ерекшелігі (көбінесе 65 жастан асқан азаматтарда кезедееседі);
✔️Жоғары артериалдық қысым (гипертония);
✔️Қан құрамында қанттың көп болуы (диабет);
✔️Артық дене массасы және семіздік;
✔️Шылым шегу;
✔️Алкоголді көп тұтыну;
✔️Физикалық белсенділіктің жетіспеушілігі;
✔️Қоғамнан оқшаулану;
✔️депрессия.
Есте сақтау проблемаларының пайда болуының алдында, адамның көңіл-күйі мен мінез-құлқының өзгеруі байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе симптомдар күшейеді. Ерте ме, кеш пе, деменциямен ауыратын адамдар күнделікті өмірде біреудің көмегіне мұқтаж болады.

Деменцияның алғашқы белгілері:
❗️есте сақтау қабілетінің төмендеуі және жуырда болғанды ұмыту;
❗️заттардың жоғалуы немесе олардың қайда екенін еске түсіре алмау;
❗️жаяу жүргенде немесе көлікті басқару кезінде бағыт-бағдардың бұзылуы;
❗️таныс ортада бағыт-бағдардың бұзылуы;
❗️уақытты сезбеу;
❗️мәселелерді шешу мен шешім қабылдауда қиындықтар;
❗️әңгімені қадағалау қабілетінің бұзылуы немесе сөздерді табудың қиындауы;
❗️таныс тапсырмаларды орындаудағы қиындықтар;
❗️объектілерге дейінгі қашықтықты визуалды бағалау алмауы.

Деменция емделмейді. Бірақ деменция белгілерін азайту үшін дәрі-дәрмектер қолданылуы мүмкін.
Бүгінгі күні әлемдегі әр бір жетінші өлімнің себебі- деменция болып тұр.

Сондай-ақ деменция – егде жастағы адамдардың мүгедек болып, өзгелердің көмегіне тәуелді болып қалудың негізгі себептердің қатарына кіреді.


You may also like...