Денсаулық апталығы өтеді
2-6 қыркүйек аралығында облыстың барлық мектептерінде Денсаулық апталығы өтеді. №41 мектепте оқушыларды тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі дене тәрбиесі, салауатты өмір салты болып табылады, өйткені бұл дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы мектеп. Денсаулық апталығы № 41 мектептің қабырғасында да басталды, оның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Мектеп директоры А. Е. Солтанбекова 1-11 сыныптардан барлық оқушыларды қамти отырып Денсаулық апталығын өткізу жоспарын бекітті.
03.09.19 ж. СӨС үйлестірушісі Д. Н. Виногоровпен «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және алкоголизмнің алдын алу» тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетіле отырып лекция оқылды.