Қызылша

Қызылша – ауа-тамшы жолымен таралатын жұқпалы инфекция. Жұқпаның көзі – қоршаған ортаға вирус шығаратын ауру адам ғана. Қызылша өте жұқпалы: оған сезімталдық 100% жақындайды. Алдын-ала егілмегендер және қызылша ауруымен ауырмағандар, өмір бойы қызылша ауруымен ауру қаупі бар, сондықтан ауру кез келген жаста дами алады.

Қызылша ауруымен ауыратын науқас дене қызуы көтерілген бірінші күнінен бастап тері бөртпесінің 4-5 күніне дейін аса жұқпалы.

2019 жылғы 18 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі К. Т. Надыровпен бекітілген Жол картасы негізінде 2019 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда 20-29 жастағы халықты қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау басталады.

Қосымша иммундау Еуропада, ТМД елдерінде және Қазақстанда қызылша аурушаңдығының өсуінен туындады. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР-да аурушаңдықтың 11 еседен астамының өсуі тіркелді. Аурудың негізгі тобын 15 жастан асқан адамдар құрайды. Республика бойынша 2015 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша 15-19 жастағы 500 мыңға жуық жасөспірім егілді

Көп жылдық динамика мониторингі қызылшамен сырқаттанушылық 6-7 жылда циклдық өрлеумен байланысты екенін көрсетеді, соңғы 18 жылда қызылшаның көтерілуі 1998 және 2005 жылдары байқалды.

Қазақстанда қосымша иммундаудың соңғы науқаны 10 жыл бұрын, 2005-2006 жылдары жүргізілді, бұл республикада қызылша аурушаңдығының жүздеген есе (16 мыңнан 13 оқиғаға дейін) күрт төмендеуіне әкелді.

627_s

625_s

Корь-у-взрослых


You may also like...