“Дені сау болу – бұл сәнді!” ұранымен ашық есік күні
“Дені сау болу – бұл сәнді!” ұранымен ашық есік күні
Дені сау болу – бұл бүтін бір ғылым және оның бағыттарының бірі -денсаулық мәдениетін қалыптастыру: физикалық, рухани, әлеуметтік жетілдіру. Осыған байланысты адам өзін өзі жасап шығару керек: дені сау болу және өмірдегі өз жолын табу. Адамның өсуі және дамуы денсаулық деңгейінің диагностикасымен, салауатты тамақтану мен дене белсенділігімен, зиянды әдеттердің болмауымен бірге жүрі тиіс. Денсаулық — кез келген адам үшін басты құндылығы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуының құрметіне жыл сайын 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Осы оқиға шеңберінде 6 сәуір күні Павлодар қаласындағы №3 емханада халыққа салауатты өмір салтын жүргізу бойынша ұсынымдар ұсына отырып ашық есік күні өткізілді. Акцияның әрбір қатысушысына қан қысымы, бойы, салмағы, дене салмағының индексі өлшенді. Күннің екінші жартысында акция “Алма” СҮ жалғасын тапты. Осы іс-шараларға халық белсенді қатысты.