Жастардың репродуктивті денсаулығын алдын алу

Жастардың репродуктивті денсаулығын алдын алу

Жастардың репродуктивті денсаулығы туралы айтқанда, тек ауруының және репродуктивті жүйедегі физикалық ақаулардың, оның қызметі немесе үдерісіндегі бұзылулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық жағдайы, рухани және әлеуметтік саулығы қарастырылады. Әйелдердің репродуктивті қызметіне әсер ететін аурулар қатарына экстрагенитальді аурулар (тыныс ағзаларының аурулары, жүрек-қан тамыры жүйесі, онкологиялық аурулар, асқазан-ішек жолдары және зәр шығару жүйесі аурулары), сонымен қатар ЖЖАБИ, АИТВ/ЖҚТБ, туберкулез және басқа да патологиялық жағдайлар қатары жатады.

Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл репродуктивті денсаулықпен байланысты мәселелердің алдын алу және оны шешу жолдары арқылы репродуктивті денсаулыққа қолдау көрсететін және отбасы немесе жеке адамның саулығына ықпал ететін факторлардың, әдістердің, процедуралар мен қызметтердің жиынтығы.

Жастардың репродуктивті денсаулығын алдын алу мақсатында емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғарғы сыынптардың оқушылары, колледж және университет студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.

5EikTy44lgA

Brm6KwTq4ag

STa09q3nO8I


You may also like...