Жасөспірімдер арасындағы интернет тәуелділіктің алдын алу
12 наурыз күні Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы интернет тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жеке компьютермен жұмыс ұзақ уақыт бойы адам ағзасының көптеген функцияларына нашар әсер етеді: иммунитет, репродуктивті және эндокриндік жүйелерде, сондай-ақ бұл адамның бұлшық еті мен көруіне қатты әсер етеді. Оның үстіне, бұл қолданушының компьютерге неге отырғанына, жаңа бағдарлама жүктеп отыр ма, әлде музыка жүктеп отыр ма, әлде жай ғана мәтін басып шығаруға отырды ма оған қарамайды. Жоғарыда аталған барлық аурулар кез келген адамның психикалық жағдайына міндетті түрде әсер етеді. Бұл қарапайым адам үшін нені білдіреді? Бұл және басқа да сұрақтар студенттермен жұмыс барысында ашылды.