ТУБЕРКУЛЕЗ бойынша Ашық есік күні

Туберкулез – адамзат бірнеше ғасыр бойы күресіп келе жатқан ауру. Бұл күрестегі ең маңызды қадамдардың бірі 1882 жылы 24 наурызда, Р. Кох бұл аурудың қоздырғышын таза дақылда – туберкулез микобактериясын бөліп шығарған кезде жасалды. Оның еңбектерінің нәтижелері патологияның жұқпалы табиғатын түсінудің кілті болды. Нәтижесінде, сапалы диагностика жасау, яғни ауруды емдеу үшін мүмкіндіктер ашылды. Дәл осы күнге 1982 жылдан бастап аталып өтіліп жүрген Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні орайластырылды.

14 наурызда Павлодар қ. № 3 емханасында, емхананың барлық келушілері үшін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған Ашық есік күні өткізілді. АД, салмақ, ДСИ өлшеніп, халыққа туберкулездің алдын алуға кеңестер берілді.

4abd0624-7997-4276-8264-6cec0cca780e

bd55c6c3-8d4c-468d-b1e2-ebd54b79eb65

84f33f0d-95b1-47d8-a47b-0cc02fba8b9b

8aab7503-efd8-4023-be70-17b38d0b077c

6e314aee-07d1-4149-9cc1-2023efb4d67f


You may also like...