Жоспарлы аралау кезіңде алаңдатушылық белгілері бар отбасы анықталды

Жаңадан тіркелген пациенттерді жоспарлы аралау кезінде №11 учаскенің медициналық қызметкерлері алаңдатушылық белгілері бар отбасын анықтады. Пәтерде жедел респираторлық аурулардың белгілері бар 2014, 2019 және 2020 жылы туылған балалар болған. Оларға қарап отырған адамның балаларға ешқандай туыстық қатынасының жоқ екендігі анықталды.  Оның айтуынша балақайлардың анасы жұмыста екен. Пәтерде қолайсыз жағдайлар байқалды. Отбасы туралы мәліметтер БЖАЫЖ үйлестірушісі А. К. Қозыбаеваға берілді. Педиатр дәрігер Павлодар қ. Солтүстік полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ж.С.Сакеновпен бірге отбасыға барып келді.  – 2019 және 2020 жылдары туылған балалар ерекше алаңдаушылық тудырды. Өйткені балақайларда ларингит және бронхит белгілері байқалды. Анаға сәбилерді емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектерге рецепт берілді. Сонымен қатар б профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кейінгі тексерістер кезінде, балалардың денсаулық жағдайлары жақсарғаны байқалды. Үй іші да тазартылды – деп әңгімелейді Қозыбаева А.К. Ерекше қауіп белгілері бар отбасылар туралы ақпарат отбасыда 5 жасқа дейінгі балалар болған кезде және жағдай ерекше бақылауды қажет ететін болса емхананың БЖАЫЖ үйлестірушісіне беріледі. Алаңдатушылық белгілерге: қолайсыз әлеуметтік-тұрғын үй жағдайлары, ауру қаупі бар отбасы мүшелері, дұрыс тамақтанбау, сондай-ақ ата-аналарда зиянды әдеттердің болуы сияқты жағдайлар жатқызылады.


You may also like...