Вакцинация туралы

Вакцинацияланған адамның вирус жұқтыруы қаншалықты мүмкін? Вакцинациядан кейін біраз уақыттан соң денеде антиденелер болмауы мүмкін бе? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гинияттың айтуынша, вакцинациядан кейінгі 56-шы күні қандағы антиденелер жоғары деңгейде анықталады. “Бұл вакцинаны жасаған ғалымдар вакцинациядан кейін 56 күннен бастап қанда антиденелердің өте жоғары деңгейі байқалады дейді. Бұл дененің қауіпсіздігін білдіреді. Сондай – ақ, антиденелердің көп мөлшеріне қарамастан, вирус ағзаға енген кезде адам ауырып қалуы мүмкін, бірақ ауру жеңіл түрде өтеді”, – деп түсіндірді вице-министр. Бүгінгі күні короновирустық инфекцияға қарсы вакцинация ниет білдірген азаматтардың бәріне қол жетімді. Екпе салдыру үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет. Терапевтің тексеруінен кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда пациент вакцинациялатын адамдар тізіміне енгізіледі. Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау ТМККК қаражаты есебінен тегін жүзеге асырылады.


You may also like...