ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ТЕМЕКІ ШЕГУДЕН БАС ТАРТУ
?”Менің құрбым жүктілік кезінде темекі шеккен, ештеңе де болған жоқ: дені сау, мықты бала дүниеге келді”.
??Алайда, кез-келген ақылды адам үшін жоғарыда келтірілген дәлел басқа қонымсыз.
?ДДҰ-ның зерттеулер көрсеткендей, жүктілік кезінде темекі тартқан аналардың балалары құрдастарымен салыстырғанда ақыл-ой және физикалық дамуында артта қалады, зияткерлік және психологиялық тестілерден нашар өтеді, сондай-ақ, оларға бронх-өкпе жүйесі ауруларының қаупі бірнеше есе артады.
?Бірқатар зерттеулер жүктілік кезінде ананың шылым шегу мен туа біткен даму кемістік арасындағы (қоян жырық) себеп-салдарлықтың байланысын анықтады.
??Темекі шегу кезінде ағзада В тобы дәрумендері, С дәрумені және фолий қышқылының мөлшері айтарлықтай төмендейді. Олардың жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесі ақауларының дамуына және басқа да бірқатар асқынуларға әкелуі мүмкін, тіпті түсік тастауға дейін.
?Темекі шегетін әйелдерде түсік тастау және әр түрлі асқынулар себепті уақытынан ерте босану, тіпті баланың қайтыс болуына әкелуі мүмкін.
??♀️Ал сіз әлі темекі шегесіз бе?