МАСТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ: СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК

?Мастықтың салдары – бұл ішімдікті пайдаланғаннан кейін келесі күні көпшілік адамдардың тап болатын жағдайы, айта кететіні, бұл жағымсыз сезім ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, 24 сағатқа дейін.

?Ішімдіктің өзі кейбір белгілердің себепшісі болып табылады, бірақ мастықтың салдарының негізгі көріністері қанда алкоголь деңгейі төмен болғанда байқалады, ал “ауру” ішімдіктің деңгейі 0-ге жақындағанда үдемелі кезеңге жетеді! Бұл спиртті сусындарда болатын алкогольсыз қоспалардың, қанда ішімдік метаболиттердің жиналуымен түсіндіріледі, осыдан гормональды өзгерістер мен ферментті бұзулылар туындайды.

Мастықтың салдарының синдромын зерттеу мақсатында жүргізілген клиникалық зерттеулер, бірдей уақыт аралығында бірдей ішімдіктің мөлшерін тұтынған адамдар, келесі күні өздерін әр түрлі сезінгендігін көрсетті. Мерекеден кейн адамның “ауыруы мен ауырмауы” көптеген себептерге байланысты: ішкен ішімдіктің мөлшері, сусынның беріктігі, уақыт кезеңі, сондай-ақ, жынысы, жасы, нәсілі, тұқым қуалаушылық және тіпті адамның мінезі әсер етеді.

?Мастықтың салдарының синдромын емдеу үшін көптеген халықтық әдістері мен тәсілдері бар. Көпшілікте келесі күні ауыздың құрғауы мен шөлдеу сезімі болады, сондықтан көп мөлшерде су ішу маңызды, су сусыздандыруды жеңуге және ағзадан ішімдік метаболиттерін шығаруға көмектеседі. Өкінішке орай, су ұйқышылдықтан, зейін қою мен назар қою қабілеттің бұзылуынан құтқармайды. Сондай-ақ, судан басқа, басқа да сусындарды ішуге болады – минералды су, жаңадан дайындалған шырындар (цитрусты жақсы болады), бал қосылған көк шай.

Кейбіреулер мастықтың салдарымен “тексерілген” рецептілермен күресуді қалайды – тұздық немесе айран ішу, олар, сондай-ақ, ағзадан зат алмасу өнімдерін шығарып, интоксикация симптомдарын азайтады. Бірақ, бұл кезде ескеру қажет, тұздық – сірке сусыз болу қажет, дәл сол кезде ғана ол жеңілдікті және пайданы әкеледі

?”Бас жазу” дұрысырақ болады, – деп ойлайтындар да бар. Шын мәнінде, шағын дозада ішімдік  уақытша ағзадағы зат алмасуын ауыстырады, бірақ есіңізде болсын, бұл мастықтың салдарының келетін уақытын тек ығыстырады.

?Мастықтың салдарымен күресте халықтық тәсілдердің молдығына қарамастан, ғалымдар жай отырмайды, олар бізді осы дерттен құтқара алатын тиімді әдісті ізденуде. Бүгінгі күні көптеген фармакологиялық және шөп препараттар зерттелді. Осы дәрілердің көпшілігі тек кейбір белгілерден көмектеседі. 2005 және 2010 жылдары жүргізілген мастықтың салдары синдромының алдын алу және/немесе емдеу бойынша бақыланатын жүйелі екі шолуда дәрі-дәрмектің тиімділігі (пропранолол, трописетрон, толфенамовая қышқылы, аспирин мен парацетамол және хлорметиазол) зерттелінген. Авторлар қорытындыға келді, дәрі дәрмектің бірден біреуі мастықтың салдарының барлық белгілерін бірден алмаған болатын.

?Өкінішке орай, мастықтың салдары синдромның барлық жағымсыз серіктермен санаулы минутта жеңіп шығуға қабілетті сиқырлы әдіс жоқ. Сондықтан, тіпті жылдың ең мерекелі түнде шамасын білуді ұмытпаған жөн.


You may also like...