Рентгендік зерттелуді қаншалықты жиі өтуге болады?
Мен осыдан бір ай бұрын ауруханада жатып, екі рет кеуде қуысының рентгенографиясын өттім, енді пульмонолог КТ өту керек деп кеңес береді. Бұл зиянды емес пе?
?Теориялық тұрғыдан рентгенологиялық зерттеулердің денсаулыққа зияны болуы мүмкін, өйткені мұндай зерттеулер кезінде біздің денемізге белгілі мөлшерде иондаушы сәулелер энергиясы енеді. Іс жүзінде біздің денсаулығымызға теріс әсер ететін сәулелену дозасын алу қаупі бар ма? Барлығымыз білетіндей, әр күн сайын және әр секунд сайын әр адам организміне иондаушы әсер етіп тұратын табиғи радиациялық фон бар. Жердің көптеген аймақтарында табиғи фон жылына шамамен 3-4 мЗв құрайды. MZv (миллизиверт) – бұл адам ағзасына немесе басқа затқа жұтылатын сәулелену энергиясының мөлшерін анықтайтын иондаушы сәулеленудің дозасы.
Ал бұған рентгенологиялық зерттеу қосымша қандай сәулелену дозасын береді? Бұл рентгенологиялық зерттеу түріне байланысты. Кәдімгі кеуде рентгенограммасында сәулелену дозасы 0,02 мЗв құрайды, бұл біз 3 күнде алатын табиғи сәулелену әсеріне тең. Бұл зерттелетін адамның денсаулығына ешқандай әсер етпейтін қосымша сәулеленудің болмашы аз дозасы. Кеуде қуысының компьютерлік томографиясында (КТ) сәулеленудің дозасы – 8-10 мЗв, бұл стандартты рентген сәулесінен 400 есе жоғары, бұл біздің өміріміздің 3 жылында алатын табиғи сәулелену дозасына сәйкес келеді.
?Дегенмен, мұндай тексерулер диагнозды нақтылау, дұрыс тиімді емдеуді тағайындау үшін қажет болған кезде, олардың пайдасы гипотетикалық зиянынан едәуір асып түседі. Радиациялық диагностика мамандары мен осы саладағы зерттеулермен айналысатын ғалымдардың пікірінше, радиацияның ең көп дозалық зерттеулерінде де науқастың денсаулығына ешқандай салдары ешқашан тіркелмеген. Науқасқа зиян туралы айтатын болсақ, біз ұзақ мерзімді салдары туралы ғана айтамыз, мысалы, қатерлі ісіктер дамуы. Соның өзінде, қатерлі ісік пен рентгенологиялық зерттеу арасындағы байланыс бар екені осы күнге дейін дәлелденбеген.