Инсульт күні

Инсульт күні

Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын әсерлі жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы аймақтарында 2017 жылдың 29 қазанында Бүкіләлемдік инсультпен күрес күні аталып өтті.

Алдын алу емделуге қарағанда тиімдіжәне инсульттың көп жағдайларын алдын алуға көмектеседі. Ғылыми зерттеулер инсульт туғызуы мүмкін бір қатар факторлардың бар екендігін көрсетеді. Ең басты факторлар ретінде, өмір сүру салтына байланысты шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің жетімсіздігі мен алкогольді тұтыну сияқты факторларды атаймыз. Инсульт жағдайының 80 %-ын жоғарыда аталған факторларды жою арқылы болдырмауға болатындығын назарда ұстау керек.

Инсульт дамуының алдын алу және тұрғындар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қызмет көрсетілетін тұрғындар үшін емханамызда «Ашық есік күндері» акциясы ұйымдастырылды. Келушілер үшін скрининг кабинетінде қан құрамындағы қант пен глюкоза деңгейінің жедел диагностикасы, артериалды қан қысымы мен көз іші қысымын арнайы құрылғылар арқылы  автоматты түрде өлшеп, жалпы тәжірибе дәрігері, көрсетілім бойынша, невропатолог кеңестері ұйымдастырылды. Науқанға қатысушының әрбіріне инсульттің алғашқы белгілері мен салауатты өмір салтын ұстануға байланысты  ақпараттық-танымдық материалдар табыс етілді.

P1130408

P1100820

IMG-20171030-WA0007


You may also like...