Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған іс-шара өтті
2016 жылғы 29 тамыз күні №3 Емханада Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізуде ұжым белсене қатысты. Емханамыздың бас дәрігері Қайырлы Сартайұлы Қабұлов ұжымды осы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, онда КДБ -1 және И.Байзақов атындағы облыстық филармония әншісі Бекен Жоламанұлы ән шырқады. Оның орындауында патриоттық және туған өлкесі туралы, оның шексіз дархан даласымен Қазақстанның ақ жарқын, еңбекқор халқы туралы әндер шырқалды.