Әйелдер ұжымдарының арасында жеңіл атлетикалық жүгірісте біздің қызметкерлердің белсене қатысуы
Әйелдер ұжымдарының арасында жеңіл атлетикалық жүгірісте біздің қызметкерлердің белсене қатысуы
31 тамыз күні Павлодар қаласының орталық жағалауында әйелдер ұжымы арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республиксының 25-жылдығына арналған «25 пайдалы іс» Республикалық акциясын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарының аясында өткізілді. 650 метрге жеңіл атлетикалық жүгіріске –медициналық ұйымдардың, емханалардың, фармацевтикалық қоғамдастықтың, мемлекеттік қызметшілер, мектептер мен колледж студенттері, 400 – ден астам әртүрлі жастағы әйел адамдар белсене қатысты. Жарысқа қатысу, біздің қызметкерлерімізге алдағы жұмыс күндеріне күш-жігер мен командалық рух және жақсы көңіл-күй сыйлады.