Қызмет алушылар күні

Бүгін ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-да денсаулық сақтау саласы өкілдерінің қатысуымен «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды.
Қала тұрғындарымен №2,3,4,5,Viamedis Pavlodar қалалық емханалардың қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері әңгемелесті.
Шараға қатысушылардың айтуынша, пациенттер медициналық ұйымға тіркелу, басқа учаскіге ауысу, дәрі-дәрмектерді алу тәртібі сияқты мәселелер жиі толғандырады екен.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері жиналған халыққа мемлекеттік қызметтер жайында хабарлап, қолғабыс алу үшін Сенім телефонына (20-85-06) жүгіне алатынын жеткізді.


You may also like...