АҒЗАДА ҚАНДАЙ ПАРАЗИТТЕР БАР ЕКЕНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

🩺Паразиттер, гельминттер (дөңгелек құрт, описторхоз, трихинеллез, эхинококкоз, альвеококкоз және басқа да көптеген түрлері) адам ағзасында асқазан — ішек жолдарында, өкпеде, мида, бауырда және басқа органдарда өмір сүре алады.

🩺Оларды анықтау әдістері, сәйкесінше, әртүрлі болады. Ішекте өмір сүретін гельминттерді нәжіс талдауында немесе колоноскопия кезінде дәрігер тоқ ішекке эндоскоп түріндегі арнайы бейне техникасын енгізіп, қуыс мүшелерді ішінен тексергенде анықтауы мүмкін. Бауырда өмір сүретін паразиттер, мысалы, эхинококк, бауырдың КТ (немесе бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі) арқылы анықталуы мүмкін. Сонымен қатар паразиттердің өкпе мен миға орналасқан кезінде визуалды диагностикалық әдістер (КТ, МРТ) арқылы көруге болады. Өкпенің зақымданғанын зертханалық зерттеуде жөтел арқылы шыққан қақырық арқылы анықтауға болады.

🩺Сонымен қатар, дәрігерлер қандағы белгілі бір паразиттерге деген антиденелердің бар — жоғын ИФА әдісімен зерттей алады. Әрбір нақты жағдайда тексеру схемасын жалпы тәжірибелік дәрігер науқасты тікелей тексергеннен кейін шағымдардың, анамнездің және кез келген объективті белгілердің болуын ескере отырып анықтайды.

 

КАК ОПРЕДЕЛИТЬ, ЧТО В ОРГАНИЗМЕ ЕСТЬ ПАРАЗИТЫ?

🩺Паразиты, гельминты (аскариды, описторхоз, трихинеллез, эхинококкоз, алвеококкоз и многие другие) могут обитать в организме человека в желудочно-кишечном тракте, в легких, в головном мозге, в печени и других органах.

🩺Методы их выявления, соответственно, будут разными. Гельминты, обитающие в кишечнике, могут быть обнаружены в анализах кала, или при колоноскопии, когда врач вводит в толстый кишечник специальную видеотехнику в виде эндоскопа и осматривает полые органы изнутри. Паразиты, обитающие в печени, например, эхинококк могут быть выявлены посредством КТ печени (или УЗИ печени).Также визуальными методами диагностики (КТ, МРТ) могут паразиты при их локализации в легких, головном мозге. Поражение легких может быть выявлено при откашливании мокроты, при ее лабораторном исследовании.

🩺Кроме того, врачи могут исследовать кровь на наличие в ней антител к тем или иным паразитам методом ИФА. Схему обследования в каждом конкретном случае определяет врач общей практики после непосредственного осмотра пациента, с учетом наличия жалоб, анамнеза и каких-либо объективных симптомов.


Читайте также:

Accessibility