1895 жылы 8 қараша күні неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген рентген сәулелерін тауып ашты. Медицина үшін бұл жаңалық көптеген аурулар мен жарақаттарды диагностикалау саласындағы нағыз жетістік болды. Бұл медициналық бағыт радиология деп аталады.
Бүгінгі күні рентгендік диагностика әлемдегі ең кең таралған, ең жылдам және ең қолжетімді диагностикалық құрал болып табылады.
«Бұрын рентгенологиялық кабинеттердің негізгі бағыты пульмонологиядағы диагностика болса, қазіргі таңда рентгенография травматология мен стоматологияда негізгі диагностикалық құралға айналды. Сондай-ақ, рентгендік зерттеудің маңызды бағыттардың бірі – маммография. Бұл зерттеу сүт бездерінің түрлі ауруларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жыл мезгіліне байланысты флюорография кабинетінен күнде орта есеппен 100-ден астам, ал рентген кабинетінен 40-қа жуық науқас өтеді», – дейді рентгенолог Данна Серікпайқызы Әбілхасанова.
Емханамызда рентгендік, флюорографиялық және маммографиялық зерттеулер жүргізіледі. «Таспасыз рентгенографияны» пайдалану цифрлық кескіннің сапасын жақсартуға, сондай-ақ мәліметтерді айқын көру үшін суретті үлкейтуге мүмкіндік береді. Тіндерге тиетін радиациялық әсердің төмендеуі, науқас пен дәрігер үшін маңызды жәйт.
«Флюорографиялық зерттеулер бекітілген участок бойынша жоспарға сәйкес жылына 1 рет жүргізіледі. Алайда, дәрігердің көрсетілімдері болса, жылына 2-3 ретке дейін процедурадан өтеді. Бірақ сонда да, сәулеге түсіру көрсеткіші минималды деңгейде болады, – дейді жоғары санатты дәрігер Қалкен Армизұлы Армизов, – флюорографиялық тексеруді 12 жастан асқан жасөспірімдер, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары, сондай-ақ алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдар міндетті түрде өтуі керек.


You may also like...