Әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын және еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді. Ауыр науқастарды, жалғыз тұратын қарттарды, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үйде бақылауды жүзеге асырып, емханада мүгедектер арбасына таңылғандарды сүйемелдейді. Алайда, бұл емхананың әлеуметтік қызметкерлері көрсететін қызметтердің толық тізімі емес.
«Әлеуметтік қызметкердің қызметі айтарлықтай ауқымды және жан-жақты. Әрбір әлеуметтік қызметкерге 5 учаскеден берілген. Орта есеппен әрбір учаскеде 15-тен 20 адамға дейін жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер мен тұрмысы нашар отбасылар қамқорлыққа алынған», – дейді алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Бақытбек Асқарұлы.
Мамғия Ғазизқызы – жалғызбасты зейнеткер. Сәтсіз құлап қалғаннан кейін әйел қиын қозғалатын болды. Барлық қажетті дәрілерді емхананың әлеуметтік қызметкерлері әкеліп тұрады.
«Маған келетін барлық әлеуметтік қызметкерлерді білемін. Қай күні дәрі әкелетінін білемін. Маған бірдеңе керек болса, мен қоңырау шаламын, бірақ олар мені ешқашан ұмытпайды », – дейді Мамғия Ғазизқызы.
Алдын -алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкері Темірбаева Ботагөз Уайсқызы осы салада 10 жылдан астам қызмет етіп келеді. Жұмыс барысында ол әрбір науқасқа жеке көзқарас қажет екенін түсінді.
«Біреу анализдерді тапсыруға қорқады, біреу жалғыз тұрғаннан кейін сөйлесіп, әңгімелескісі келеді. Біз көмекке мұқтаж адамдардың барлығына көңіл бөлуге тырысамыз», – деді Ботагөз Уайсқызы.

Социальные работники оказывают социальную помощь одиноко проживающим и нетрудоспособным гражданам. Осуществляют наблюдение на дому тяжелобольных, одиноких, престарелых, инвалидов и лиц с ограниченными возможностями, сопровождают инвалидов-колясочников в поликлинике. И это далеко не весь перечень услуг оказываемых социальными работниками поликлиники.
«Деятельность социального работника достаточно масштабна и разнопланова. За каждым соцработником закреплено по 5 участков. На каждом в среднем от 15 до 20 человек – это одиноко проживающие пенсионеры, инвалиды, а также новорожденные дети и неблагополучные семья за которыми осуществляется патронаж» – рассказывает заведующий отделения профилактики и социально-психологической помощи Бақытбек Асқарұлы.
Мамгия Газизовна одиноко проживающий пенсионер. После неудачного падения ей стало тяжело передвигаться. Все необходимые медикаменты ей приносит социальный работник поликлиники.
«Я знаю всех сотрудниц, которые ко мне приходят. Знаю, в каких числах они принесут лекарства. Если мне что-то надо, я звоню, но про меня никогда не забывают» – говорит женщина.
Социальный работник отделения профилактики и социально-психологической помощи Темирбаева Ботагоз Уаисовна в этой сфере трудится более 10 лет. За время работы она поняла, каждому пациенту необходим индивидуальный подход.
«Кто-то боится сдавать анализы, кому-то просто одиноко и он хочет поговорить. Мы стараемся уделить внимания всем, кто нуждается в нашей помощи», -поделилась специалист.


You may also like...