60 жастан асқан адамдар Pfizer вакцинасымен ревакцинациядан өте алады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы” жаңа қаулысы жарияланды.

Бұл қаулыда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұрын қолданыста болған барлық қаулылары біріктірілген.

Сондай-ақ, осы құжатта қосымша мынадай мәселелер көзделген: Comirnaty (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-дің ауыр көріністерінің даму қаупі бар медицина қызметкерлерінің, 60 және одан жоғары жастағы адамдардың КВИ-ға қарсы ревакцинациясына рұқсат етілген.

Сонымен қатар, қаулыда КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация тактикасының кейбір мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берілген.


You may also like...