Амбулаторлық-емханалық қызметтің ең үздік мейірбикесі
Халықаралық мейірбикелер күні қарсаңында ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК-да мерекелік шара ұйымдастырылды.
Облыстық медицина ұйымдардың мейірбикелерін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.К.Бұйрашев құттықтады.
Мереке барысында «Медицина үздігі -2024» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы жарияланды.
Байқау Республикалық қоғамдық бірлестік «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық филиалы, «Саламатты Павлодар» АҚ және ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК-ның ұймдастырумен өткізілген еді.
Емханамыздың абыройын қорғаған №2 Отбасылық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Шушпаева Д.З. лайықты I-ші орынды иеленді.