Туберкулезді алдын алудың өзекті мәселелері

Бүгін Павлодар облысының аумағында туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Туберкулезді алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинарға департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары мен АМСК мамандары, сондай-ақ мектептерде қызмет ететін медицина қызметкерлері қатысты. Оқыту Павлодар облысы бойынша туберкулезді алдын алу айлығы аясында жүргізілді. Семинар барысында мамандар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулездің алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.


You may also like...