“Өзіңді туберкулезден қорға” Ұлттық бағдарламасы

“Өзіңді туберкулезден қорға” Ұлттық бағдарламасы

Бүкіл ел бойынша Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған “Өзіңді туберкулезден қорға!” ұлттық бағдарламасы басталды. Өту мерзімі 2018 жылғы 24 ақпаннан бастап 24 наурызға дейін. “Өзіңді туберкулезден қорға!” ұлттық бағдарламасының негізгі міндеті туберкулездің алдын-алудың жеке және қоғамдық шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулез жұқтырудың қауіптілігі және ауыр салдары туралы, денсаулыққа ортақ жауапкершілік тәрбиесі; өзін-өзі сақтау мінез-құлығын қалыптастыру, профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту қажеттілігін түсінуге халықты хабардар ету болып табылады.

 Туберкулездің алдын алу шаралары

А.) Салауатты өмір салты. Осы мақсатқа қол жеткізудің үздік құралы дұрыс күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру болып табылады.

Б.) Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс және еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, құнарлы, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни, дұрыс гигиеналық режим адам ағзасын нығайтуға мүмкіндік береді және туберкулез ауруынан сақтайды.

В) Жыл мезгіліне қарамастан таза ауада көп болып тұру керек, өйткені таза ауа ағзаға жағымды әсер етеді және шынығудың тамаша құралы болып табылады.

4.Жеке гигиена ережелерін сақтау: қолды жуу, жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып ыдыс-аяқты жуу, ылғалды жинау және тұрғын үй-жайларды желдету, ет және сүтті міндетті түрде термиялық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыс-аяқты пайдалану, су процедуралары — ысқылау, құйыну, душ қабылдау.

  1. Жөтелу әдебін сақтау

Гигиеналық режимнің маңызды бөлімі дұрыс тамақтану болып табылады. Адам тәбетті арттыруға ықпал ететін және ағзаға жақсы сіңірілетін әр түрлі тамақ жеуі тиіс. Тамақ құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа міндетті түрде дәрумендер және минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыз етте, сүтте, ірімшікте, жұмыртқада бар; көмірсулар – қантта, нанда, картопта, жармаларда бар. Дәрумендер және минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.

  1. Туған кезде міндетті түрде БЦЖ вакциналау және 6-7 жасында қайталап егу.
  2. Уақытылы туберкулезді анықтау.

post-4765-1298299787__jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


You may also like...