КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі іс-шаралар
2021 жылдың 1 ақпаннан бастап Қазақстанда короновирусқа қарсы вакцинация басталды. Павлодар облысына Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген “Спутник V” ресейлік вакцинасының 1200 дозасы жеткізілді. 2021 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап отандық өндіріс – QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарлануда. Бүгінгі күні ол клиникалық сынақтардың III кезеңінде тексерістен өтіп жатыр.
Вакцинация кезең-кезеңмен жүргізіледі:
– 01.02.2021 ж. бастап жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем, реанимация бөлімшесі, АМСК және қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер;
– 01.03.2021 ж. бастап мектеп, ЖОО педагогтары, медициналық қызмет жұмыскерлері;
– 01.04.2021 ж. мектеп-интернаттары, балабақша педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар тұлғалар;
Қазақстанда вакцинациялау “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР кодексінің 77-бабына сәйкес ерікті болып табылады, кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Екпе алушы 13.06.2018 жылғы № 361 Санитариялық қағидаларға сәйкес жазбаша түрде нысан бойынша ерікті ақпараттандырылған келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тарту жөніндегі құжатқа қол қояды. Вакцинация туралы мәліметтер вакцинацияның электрондық паспортына енгізіледі – бұл вакцинацияланатын халықты үздіксіз жүргізу, бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль болып табылатын вакцинацияның медициналық тарихы ретінде сақталады. Медицина қызметкерлері үшін ВЭП денсаулық сақтау Министрлігінің ақпараттық жүйесінде, ал пациенттер үшін – eGov Mobile мобильдік қосымшасында жүзеге асырылады.